Bugin

Қызылордада иен даладан адамның сүйектері табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде шашылып жатқан адамның сүйектері бар суреттер көпшіліктің үрейін тудырды. Полиция өкілдері аталған іске қатысты түсініктеме берді.

 

"Аталған дерек бойынша «001» (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Қызылорда қаласы Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынды", -
делінген ақпаратта.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Болжам бойынша, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегі табылған орын ескі қорым болуы мүмкін.

Әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.