Өнім

Жаңаөзендегі жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңаөзендегі жарылыстан Ақтаудағы облыстық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген 46 және 51 жастағы ер адамдар қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Өкінішке орай, дәрігерлер оларды ажалдан аман алып қала алмады. Қайтыс болған жандардың жағдайы өте ауыр болды. Біз туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз»,-делінген баспасөз мәліметінде.

Еске салсақ, Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, 13-ке жуық адам жапа шеккен еді. Оқыс оқиғаға байланысты жедел штаб құрылды. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза болып, 4 пәтер қирады.