Bugin
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ершовка ауылында тұрғын үй өртеніп кетті. Салдарынан 3 жасар егіз бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайғылы оқиға кеше кешкі уақытта болған.
"5 шаршы метр аумақта ас үй бөлмесіндегі жиһаз жанған. Өрт орнында 2020 жылы туған екі егіз баланың денесі табылды. Оқиға туралы жұмыстан оралған әкесі хабарлады", - дейді ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті 4 өрт сөндіруші мен 1 арнайы техника сөндірді. Құтқарушылар қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Болжам бойынша, өрт электр желісіне қосылған жылытқыштан болуы мүмкін. Ал балалар көміртегі тотығынан уланған дейді құтқарушылар.