Bugin

Бір соққыдан көз жұмды: Қарағандыдағы қанды оқиғаның видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы қанды қылмыстың видеосы тарады.

TEDD рестобарына келгендердің бірі ер адамдардың арасындағы жанжалды видеоға түсіріп алған. Жанжал кезінде 24 жастағы ер адам 19 жастағы жігітті жұдырықпен ұрған. Салдарынан жігіт дәрігерлер келгенше көз жұмды. 

Қанды қылмыс 30 сәуірде болған. Полиция мәліметінше бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркелген. Сарапатама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр. Ал күдікті қамауға алынған.