Bugin
Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 1 мамырда болған. Адамның мәйітін тұрғындар қоқыс жәшігінің жанынан тауып алған. Оқиға орнына келген полицейлер мәйітте зорлық-зомбылық белгілерін таппаған.
"Құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын анықтады. Ол Қазақстан азаматтығын алған Өзбекстан тумасы, 1984 жылы туған ер адам болып шықты. Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр", - деді ведомство.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, қазіргі күні тергеу жүріп жатыр.