МӘДЕНИЕТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстанның сән индустриясы талантты мамандарға бай. Олардың көбісі тамырын тереңге жіберген, сән индустриясында өзінің ізін қалдырған жандар болса, ал енді басқалары тәжірибелі әріптестерінің нәтижелеріне қарап, өзінің шығармашылық жолына енді қадам басып жатыр. Бірақ бір нәрсе анық – қазақстандық дизайнерлер көпшілікке үлгі бола алады.
Аида Кауменова
Аида Кауменова өзінің жұмыстарында туған жердің озық дәстүрлеріне негізделген сұлулықты көрсету басты мақсат деп біледі. Қыздарға нәзіктік және өзіне деген сенімділік секілді элементерді ұштастып, көпшілікті мойындатқан дизайнер.
Бүгінде Aida KaumeNOVA сән үйі – Қазақстанда шығарылатын люкс киім брендінің бірі. Дизайнер коллекциялары өзектілігімен, заманауилығымен және өзгеше стилімен ерекшеленеді. Олар жылына екі рет еліміздің басты сән апталығы «Kazakhstan Fashion Week» көрмесінде көрсетіледі.