МӘДЕНИЕТ

Өз стилімізді қалай табуға болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pinterest.com

Стиль – бұл көптеген заттарды, жиынтықтарды және киімдерді белгілі бір санаттарға немесе түрлерге бөлуге болатын белгілер жиынтығы. Стиль адамының жасы, әлеуметтік және қаржылық жағдайы, ұлты мен менталитеті, өмір салты мен жұмысы, музыкалық бейімділік, діни нанымдар, дене бітімі секілді факторларға байланысты өзгеріп отырады.


Қай стиль сізге жақын екенін анықтау неге соншалықты маңызды? 
Ең алдымен, бұл сіздің өзіңізді сенімді сезінуіңіз үшін, сіздің сыртқы бейнеңіз ішкі жан дүниеңізді көрсетуі үшін қажет. Өз стиліңізді нақты тапқаннан кейін, сіз дүкендердегі киімдердің шексіз қатарынан адасып кетпейсіз және сізге не қажет екенін біле отырып, қажетті киімді көп қиналмай таба алатыныңыз да бонус болмақ. Әлемде стилистикалық үрдістер тым көп. Мәселен, классикалық стиль, күнделікті, спорттық стиль, гламур, бохо, этникалық, гранж, романтикалық стиль, преппи, минимализм, эклектизм, жаңа көрініс, іш киім стилі , пижама стилі, ретро стилі және әскери стиль деп тізім жалғаса береді. Бүгін ең әйгілі стиль түрлеріне тоқталып өтсек.

фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

Класссика
 Бизнес стиль немесе классика ықшамдықпен  сипатталады. Бұл стильдегі киім әсіресе мұғалімдер мен кеңсе қызметкерлеріне, ғылыми конференциялар мен кездесулерге қолайлы. Классикалық стиль  ашық түстер мен өзгеше образдарға қарсы. Бұл стиль көбінде минимализм бағытын ұстанады.Қара, сұр, қоныр, қара көк секілді түстер – бұл стильдік бағыттың негізі. Классика 50 жыл бұрын солай болған және ондаған жылдардан кейін де солай қалатыны сөзсіз. Бұл стиль түрі өзгермейді, бірақ оған қарамастан әрқашан сұраныста болады.

Фото: obliqo.ru

Фото: obliqo.ru

Кэжуал 
 Кэжуал (кездейсоқ) бүкіл әлемдегі сәнқойлардың көпшілігі арасында ең танымал стилистикалық үрдістердің бірі. Стиль атауы  аудармада «күнделікті» деген мағынаны білдіреді. Біріншіден, кэжуал жайлылық пен ыңғайлылықты, стильдерді шектемейтін жағымды маталар мен икемділік көрінісі ретінде қарастырылады. Киімнің негізгі элементтері: джинсы, жейделер, жемпірлер, қарапайым ыңғайлы аяқ киім. Бұл стильді кейде америкалық деп те атайды. Әсіресе, папараццилердің назарына түсетін Голливуд жұлдыздары жұмыс күндері осылай жүреді.Түс схемасына келетін болсақ, ол жоғарыда аталған классикалық стильге қарағанда әлдеқайда тустерге бай, бірақ тым ашық түстер мен неон түстері қолданылмайды.