Bugin

Жақында тұрмысқа шыққан Жансая Әбдумәлік мансабын аяқтай ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында тұрмыс құрған белгілі қазақстандық спортшы Жансая Әбдумәлік көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді. Жанкүйерлері атақты спортшы мансабын аяқтайды деп болжады.

"Ал, енді шахматты тастайсыз ба?" – деп сұрады оқырмандардың бірі.

"Тастайтын ойым болмаған, тастамаймын да. Жалпы, бұл менің "хейтер" жанкүйерлерімді қызықтырмасын. Менде позитивті көңіл-күй. Сіз өзіңіздің жеке ойларыңызбен басқа профильдерде отыра беріңіз", – деп жауап берді Жансая.

Бұл жауабын көпшілік оның басқа бір танымал шахматшыны тұспалдауы деп санады.

Жансая Әбдумәлік жұбайының қолдауы туралы да айтып кетті.

“Осы уақыт аралығында ойнамадым, бірақ бәрі жақсы болатынына сенімдімін. Оның қолдауының арқасында ештеңеден қорықпаймын” – деді спортшы ару.