Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқтөбе облысы Қарғалы қалалық ауруханасының төбесі медбикенің басына құлап кетті.
"16-кабинетте гипсокартон сынықтары бар сылақ құлады. Қызметкер жұмыста өндірістік жарақат алды. Оған арнайы медициналық көмек көрсетілді. Нейрохирург қарап, ауруханаға жату керегін айтты, науқас бас тартты. Оған біздің ауруханаға жатуды ұсынды, бірақ ол жеке клиникада емделіп жүр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ведомствоның айтуынша, мейірбике мемлекеттік емес, жеке клиникада емделуді жөн көріпті. Оған жарақат алып, емделген күндерге толық мөлшерде жалақы төленген. Дәрі-дәрмек шығыны өтелген.
Қарғалы қалалық ауруханасының әкімшілігі болған жағдайға өкініп, қызметкердің барлық моральдық және материалдық шығыны өтелетінін мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61