Bugin

Елде қай мамандарға 345 мың теңге жәрдемақы төленеді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ауылға жұмысқа барған дәрігерлер мен мұғалімдерге 345 мың теңге жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ, оларға берілетін кредит мөлшері де айқындалды.

Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін баратын түрлі сала өкілдеріне берілетін жәрдемақы мен несие мөлшерін белгіледі. Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылған.

Оған сәйкес, көтерме жәрдемақы 100 АЕК мөлшеріне (345 мың теңге) тең.

Ал тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде (5 175 мың теңге) бюджеттік кредит беріледі.

Мұндай мемлекеттік қолдауға келесі сала қызметкерлері ие болады:

- денсаулық сақтау;

- білім беру;

- әлеуметтік қамсыздандыру;

- мәдениет;

- спорт;

- агроөнеркәсіптік кешен мамандары;

- ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.

Бұйрық жобасы 22 мамырға дейін жария талқыға ұсынылған.