Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАтырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, 4 адам жарақат алды.
5 мамыр күні сағат 20:10 шамасында республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 64 шақырым тұсында Toyota автокөлігінің 1988 жылғы жүргізушісі көлік құралын игере алмай, жол жиегіне аударылып, жол апаты болды. Оқиға салдарынан 4 адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, көлік жүргізушісі мен 1962 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жарияланбайды..
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61