Hi-Tech

Трамп америкалықтарды айға жіберуге тапсырма берді

«Айдың бетіндегі алғашқы әйел және келесі еркек америкалық ғарышкер және олар Америка жерінен америкалық ракетеман ұшатын болады», – деді Пэнс.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп NASA-ға 2024 жылға дейін америкалық ғарышкерлерді қалайда айға жіберуге нұсқау берді. Бұл туралы АҚШ-тың Вице-президенті Майк Пэнс хабарлады.

Пенс президент тапсырмасын орындау үшін NASA барлық мүмкіндіктерді, яғни мемлекеттік және жеке сектордың қолдауларын ала отырып ғарышты бағындыратыны туралы өзінің Twitter желісіндегі жазбасында жариялады.

«Айдың бетіндегі алғашқы әйел және келесі еркек америкалық ғарышкер және олар Америка жерінен америкалық ракетеман ұшатын болады», – деді Пэнс. NASA-ның бас директоры Джим Брайденштейн Twitter-дегі парақшасына: «Тапсырма қабылданды. Енді жұмыс істейік», – деп жазды.