Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖетісу облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды.
7 мамырда Жетісу облысының Ақсу ауданында Hyundai Tucson және ГАЗ-53 автокөліктері жол апатына ұшырады.
Алматы-Өскемен тас жолының 360 шақырымында кроссовердің жүргізушісі жүк көлігін басып озуға әрекеттеніп, онымен жанама соқтығысып, нәтижесінде жол жиегіне шығып кетіп, аударылды. 54 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Hyundai жүргізушісі мен тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.
Жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61