Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМаңғыстау облысында бала саудаламақ болғандар ұсталды.
Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жаңа туған нәрестені саудалау фактісін анықтаған.
4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.
Осы дерек бойынша Маңғыстау облысы ПД-де ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61