Bugin
Белгілі алаштанушы Елдос Тоқтарбай фейсбуктегі парақшасына Жеңіс күні туралы жазба жариялады. Ол кеңестік жүйенің, соғыс ардагерлеріне қатысты қате тұстарын ашып жазған.
"Достар!
9 мамыр — Жеңіс күні емес!
СССР соғыс мүгедектеріне ешқашан ардагер деп қарамаған. Оларға СССР қоғамында орын жоқ болатын. Бұл — коммунистік жүйенің оларға деген қарым–қатынасын және сталинизмнің шын бейнесін көрсетеді.
Екінші Дүниежүзілік соғысында СССР-да шамамен 40-60 млн адам шығыны болды. СССР үшін қол-аяғынан айырылған мүгедек ардагерге соғыстан кейін Совет үкіметі ешқандай бағдарламаларды қарастырмағаны да түсінікті. Еліне оралған соғыс батырларын үйінде күтіп алатын туысқандары болмағандары көшеде қайыр сұрап күн көретін. Оларда ең құрығанда жүріп–тұруға арналған мүгедектер арбасы да болмады. Совет үкіметі бұл соғыс батырларына кішкене болсын көмек көрсетудің орынына, олардан керек емес зат секілді құтылды.
Себебі бұл адамдар «социалистік керемет өмір» бейнесіне қарама–қайшы болды. Осылайша 1949 жылы Сталиннің 70 жылдығын тойлар алдында, үйсіз–күйсіз, туысы жоқ соғыс мүгедектерін ірі қалалардан жоюға бұйрық шығарылды.
Мұндай қатыгез әрекеттер тек Сталиннің заманында емес, сонымен қатар Хрущев кезеңінде де іске асырылып отырды. Соғыс мүгедек–ардагерлерін көбіне Валаам аралындағы интернаттарға орналастырған, кейін сол жерде жерлеген. Интернатта да ол кісілердің жағдайлары өте ауыр болды, көбі өз-өзіне қол жұмсап өлген болатын.
Ақиқаты — осы. Мен 1941-1945 жылдардағы соғысты СССР-дің ақымақтығы мен топастығынан болған ЖЕҢІЛІС деп түсінемін. Иә, қаншама қазақ осы соғыста қанын, жанын берді. Өкініштісі — соғыс болмағанда, репрессия болмағанда осы күні қазақтың жан саны кемі — 80 млн болар еді. Атаңа нәлет, Сталин! Лағынет саған!
Соғыста ерлікпен қаза тапқан барша қазақтың топырағы торқа болғай! Рухына Фатиха!",- деп түйіндеген.