Bugin

Қазақ тілін ескермеген компания 1 млн теңгеден астам айыппұл төледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне тұтынушыдан «Аурика» ЖШС өндіретін ауа тазартқыш этикеткасында қазақ тілі ескерілмегені жайлы шағым түскен.

Өтінішті зерделеу барысында «Аурика» ЖШС сатылған ауа тазартқыштың этикеткасында мемлекеттік тілде таңбалау мәтіні жоқ екені анықталды. Бұл жағдайда сатушы «Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламент талаптарын орындамаған.

Регламент талаптарына сәйкес тұтынушыға арналған ақпарат және мәліметтер мемлекеттік және орыс тілдерінде таңбалануы қажет. Аталған компания «Техникалық реттеу туралы» заңды бұзған, осыған сәйкес өнімді дайындаушылар (орындаушылар), сатушылар өнімнің техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.

«Аурика» ЖШС-ға 1 035 000 (бір миллион отыз бес мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл толығымен төленді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу шеңберінде «Аурика» ЖШС басшылығына қолданыстағы заңнама нормалары, сондай-ақ осы нормаларды қайта бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы түсіндірме жүргізілді.