Спорт

Бобби Фишер VS All the world

ХХ ғасырдың ұлы шахматшысы жайлы бір дерек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Балалық шағы
Бобби Фишер 1943 жылы 9 наурыз күні өмірге келген. Оның анасы Регина Фишер мен әкесі Ханс-Герхард Фишер жас шағында КСРО-да өмір сүріп, 1939 жылы АҚШ-қа қоныс аударған. Бірақ Ханс-Герхард Фишерді коммунист деп айыптап, АҚШ-қа кіргізбей, Чилиде тұруға мәжбүр қылғызады. Осылайша шешесімен бірге Бруклин қаласында жетіледі. 6 жасында Бобби Фишерге анасының әпкесі Джоан шахмат ойнауды үйретеді. Бірақ Джоан ХХ ғасырдың ұлы шахматшының жолын ашып бергенін білмеп еді. Осылайша Бобби шахматқа деген құлшынысы артып 10 жасына дейін өз-өзімен ойнайды. Күнде 18 сағат ойнаған ол дүниенің бәрін шахматпен салыстыратындай өлшейтін еді. Тіпті анасы оның шахматқа деген махаббатынан қорқып, психологқа апарады. Сондағы психологтың жауабы: «Балаңыздың жаман нәрсеге құмар болмағаныңызға қуаныңыз». Психологтан қайыр болмаған Боббидың анасы жергілікті газеттерге баласымен ойнайтын әріптестер іздеп хабарландыру жасайды. Өкінішке орай баласымен ойнайтын шахматист табылмады. 10 жасында шахмат клубына мүше болып, алғашқы жарысында ақ жеңіске жетеді. 13 жасында АҚШ-та жасөспірімдер арасында чемпион, 14 жасында ересектер арасында ең жас жеңімпаз атанды. Шахматта көпшіліктің ықыласына бөленгенімен, мектептегі ұстаздары оны ұната бермейтін. Мектеп туралы Бобби Фишердің пікірі мынандай болды: «Мектепте оқудың еш пайдасы жоқ. Мұғалімдер ақымақ. Әсіресе әйелдерге ұстаз болудың еш жөні жоқ. Менің мектебімде тек қана дене шынықтырудан беретін ер кісі ғана жақсы болды. Өйткені ол шахмат ойнай алатын».
Мектепте білім алып қарық болмағанымен, Фишердің есте сақтау қабілеті өте мықты болды. Оның бір дәлелі неміс, орыс, испан, серб, хорват тілдерін білуі еді. Шахматқа деген шектен тыс құштарлық оны 15 жасында мектептен ғана емес, анасынан кетуге де мәжбүр етті.

Шахмат жолында
Бобби Фишердің шахмат бәсекесіндегі басты мақсаты – әлем чемпионы атану болатын. Чемпион болу жолында аянбай еңбек етті. 1959 жылы ол әлем чемпиондығына үміткер Михаил Тальмен кездесіп, 0-4 есебімен ойсырай жеңіледі. Әрине, оған басты себеп, тәжірибенің жетіспеуі болатын. Оған бола ол көңілін түсіре қоймады. Ары қарай шахмат әлеміне тереңдеп ене берді. Соның бір дәлелі, өзін ұтқан Михаил Таль одан сұхбат алу барысында жасының 19-да екендігін және үйлену қажеттігін алға тартады. Сонда Бобби Фишер: «Ия мен бұл мәселені ойланып жүрмін. Бір басым жетпей жүргені жеңіл көлік аламын ба әлде үйленгенім дұрыс па екен. Бірақ маған АҚШ-тың қыздары қатты ұнай бермейді. Олар өздерін еркін ұстап, шаштараздан шықпайды. Одан да Гонконг немесе Тайванның экзотикалық қыздары дұрыс шығар» – дейді.
1960 жылдан бастап, Фишердің үздіксіз жаттығуы өз жемісін бере бастады. Алдымен 1965 жылы Гаванадағы турнирде 2 орын, Санта Моникада (1966) 2 – орын, Охрид және Монте-Карлода (1967) 1-орын, Нетанья және Винковциде (1968) 1-орын, Загреб және Буэнос-Айресте (1970) 1 орынды иеленеді.
Өз жерінде оған тең келер қарсылас болмады. 8 мәрте АҚШ чемпионы атанған Бобби Фишер әлемдегі мықтылармен ойнауға мүмкіндік алды. Алдымен Марка Тайманов пен Бента Ларсенді 6:0 есебімен ұтқан ол, финалда Тиграна Петросянды 6½:2½ тізе бүктіреді. Осылайша ол 1972 жылы сол кездегі әлем чемпионы Борис Спаскиймен ойнауға мүкіндік алды. Борис Спаскийге дейінгі шахмат бәсекесінде Фишер тек қана мықтылығымен ғана емес, түрлі дау-дамайлармен көпшіліктің есінде сақталды. Бобби Фишер шахматшылардың арасында өзін ерекше санап, жарыс ұйымдастырушыларына түрлі талаптар қойған. Мысалы, ол жарысқа қатысуы үшін «люкс» номерде тұруы және ұйқыдан кеш тұратынына байланысты жарысты түстен кейін 16:00-де басталуы тиіс болды. Мысалы, 1967 жылы Сусадағы турнирде жұма күні шіркеуге баратын болғандықтан ойнай алмайтындығын және сенбі күні ойынды кешкі 19:00-де ойнауды талап етеді. Жарыс ұйымдастырушылары оған көнеді. Жұма күні ойнамауына байланысты сенбі күні ол шектен тыс ойнауға мәжбүр болады. Оған үйренбеген Бобби бастапқыда ойнағанымен, артынша демаламын деп ойыннан бас тартады. Ойын ережесіне байланысты оған техникалық жеңіліс жазылады. Жеңіліске ашуланған Фишер жарысқа қатысудан бас тартады. Жарыс ұййымдастырушылары үздік шахматшыдан айырылмауға тырысып, барынша көндіруге тырысады. 2 ойында техникалық жеңіліс алған Бобби егер 3-ші рет ойнамаса жарыстан шығуы тиіс болатын. Бірақ әрең деп жүріп Фишерді көндіріп, 17:00- дегі ойынын 18:00-ге ауыстыртады. Кесілген уақытта ол тағы қырсығып, келетін жолын бөгеп, арнай күзеті бар көлікпен келуді міндеттейді. Осылайша қырсыққан Фишер 1 сағатқа ойынға кешігіп, жарыстан шығып тынды.
Ойын басталмай жатып әуреге салған ол ойын барысында да өрескел әрекетін жалғастырды. Буэнос-Айрестегі турнирде Мигел Найдорф әр күн сайын, жаңа костюм киіп келеді. Оған таңданған Бобби Фишер одан неше костьюм барын сұрайды. Ол 150 деп жауап береді. Шахматтағы жеңістерімен ғана емес, костюм саны бойынша ұтқысы келген ұлы шахматшы оған жету үшін барын салады. Бірнеше жылдан соң, онымен қайта кездескен Бобби 157 костюм барын айтып, асып түскенін жеткізеді. Сонда Мигел Найдорф оны құттықтап, турнирдегі 150 костюм деп айтқанын қалжың ретінде ғана айтқанын мойындайды.
Бобби Фишер әрбір ойын үшін жоғары ақша талап етіп отырған. Оның басты ұстанымы сол кезде Мұхаммед Әли мен Джо Фрейзердің жекпе-жегі қаншалықты қымбат болса, шахматтың құнын да соншалықты маңыздылыққа ие қылдыру болатын. Ол жайлы өзге шахматшылар Бобби Фишерді «біздің кәсіподағымыз» деп күліп айтатын.

Чемпиондыққа жол
1972 жылы әлемнің мықтысын анықтауда Бобби Фишер мен Борис Спаскиймен Исландия жерінде кездесуге тиіс болды. Бұл тек екі шахматшының арасындағы жеңімпазды ғана емес, АҚШ пен КСРО-ның шахматтағы мықтылығын анықтайтын сәт болатын. Бірақ Бобби Фишер Исландияның кішкентай, өзіне ұнамайтындығын айтып барғысы келмейтіндігін хабарлайды. Тек соңғы сәтте ғана АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігінің кеңесшісі Генри Киссинджер оны ойнауға көндіреді.
Чемпиондықты анықтаудағы алғашқы ойында Бобби әдеттегідей кешігіп келеді. Сонымен қатар ойын барысында камераның дауысы кедергі келтіретіндігін айтып, алдырып тастауды сұрайды. Және де 12 қатардағы қыздың мұз жеп отырғаны оған ұнамайды. Ол ойынын тоқтатып, қызға мұзды жеуін доғаруды сұрайды. Қыз тек 3-ші мұзын ғана жеп отырғанын айтып ақталса да, Фишер оның 7-ші мұзын жегенін санап отырғанын айтып, жұртқа өтірікші екенін жайып салды. Ойындағы осындай сәттер Фишердің алғашқы ойында жеңілуіне душар етеді. Келесі күні Фишер көрермендер мен камераның болмауын талап етіп, жертөледе ойнаған жағдайда ғана жарысты жалғастыратынын ұйымдастырушыларға хабарлайды. Ұйымдастырушылар қойылған талаппен келіспей, 2-ші ойында Фишер келмей, техникалық жеңіліске ұшырайды. 3-ші ойында Борис Спаский жертөледе ойнауға келіседі. Осылайша жертөледе 3 ойын өткізген олар одан әрмен қайта көрермендердің алдында ойнауларын жалғастырады. Жалпы ойын қорытындысы бойынша Бобби Фишер 12½:8½ есебімен қарсыласын ұтып, 29 жасында әлем чемпионы атанып, басты мақсатына жетеді. Бұл АҚШ-тың жеңісі еді. Жеңіске риза болған АҚШ президенті Ричард Никсон оны бірге тамақтануға шақырады. Дегенмен Бобби Фишер барудан бас тартып, «БАҚ-тың оның қалай тамақ жеп отырғанын түсіруін құптамайтындығын айтты».

Шахматтан кейінгі өмір
1976 жылы әлем чемпионы атағын қорғау мақсатында КСРО-лық Анатолий Карповпен ойнауға тиіс болды. Бобби Фишер ойнаудан бас тартып, шахматтық карьерасын аяқтағанын жариялады. Осы кезде Бобби Фишерге көптеген компаниялар оны жарнамаға түсуді үгіттейді. Соның бірінде «Folkswagen» компаниясы оны аталмыш көлікті жарнамалауға көндіріп, көп ақша ұсынады. Соңғы сәтте Бобби Фишер көлікке көңілі толмай, көптеген кемшіліктері барын айтып, өз-өзін өлтіретін көлікті жарнамалаудан бас тартады. Не жарнамаға түспейтін, не шахмат ойнамайтын оны көпшілік жұрт қайта Борис Спаскиймен ойнауды қалады. 1992 жылы аяқ астынан ол Югославияда ойнауға келіседі. Сол кезеңде АҚШ Югославияға санкция жариялаған уақыты болатын. АҚШ тарапы Фишердің ойнауына тиым салып, ойнаған жағдайда 10 жылға сотталатынын мәлімдейді. Оған көнген Бобби Фишер ме? Ойын алды конференциясында ол «мен адамдарды АҚШ-тың интеллектуальды держава екеніне көздерін жеткіздім. Ал олар рахмет айтудың орнына маған түкірді. Және мен де солай жауап қайтарамын» – дейді де, қағазға түкіреді. Ал ойын 10:5 есебімен Фишердің пайдасына шешіледі. Ойыннан соң ол Филлипин жерінде тұрып, АҚШ-ты айыптауын жалғастырады. «АҚШ-ты еврейлер басқаруда. Олар барлығын бүлдіруде. Қараңыздаршы, Югославия жерін қалай құртқандарын...». 2011 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы егіз ғимаратының құлауын ол радио арқылы «Аль Каида» террорлық ұйымының іс-әрекетін толыққанды ақтайтындығын хабарлады. Осы әрекеті үшін оның құжаттары бұғауға түседі. 2003 жылы Жапонияда оны құжаттының бұғатталуына байланысты қамауға алады. 8 ай өмірін түрмеде өткізген Бобби ақырында саяси босқын атанып, Исландияға қоныс аударады. Ол жерде ол өзін түрмеге отырғызған Жапония министрі Дзюнъитиро Коидзуми мен құжатын бұғаттаған Джордж Бушты әскери қылмыскер деп айыптайды. 2008 жылы Бобби Фишер өмірден озды. Ол өлгенмен аты шахмат тарихында мәңгі қалары анық. Оның бірден бір дәлелі «WeekinChess» журналы бойынша әлемде ХХ ғасырдағы ең үздік шахматшы ретінде анықталуы болды.