Bugin
Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавлда төтенше жағдай режимі енгізілді.
Бұндай шешімді құзырлы органдар бір күн бұрын «Береке» шағын ауданында болған ірі өртке байланысты шығарған.
Өрт 11 жеке үйді шарпыған. Зардап шеккен отбасылар туыстарының үйіне, уақытша жалдамалы пәтерлерге орналастырылды.
«Техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай режимін енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында зардап шеккендерге келтірілген шығынды қысқа мерзімде өтеуге мүмкіндік береді» деді қала әкімдігі.