ДЕНСАУЛЫҚ

Ми жұмысын жақсартатын өнімдер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ми - біздің бойымыздғы ең маңызды дене мүшесінің бірі және оның жұмысы біздің не жейтінімізбен тікелей байланысты. Бұл органды қанша зерттегенімізбен, ол әлі күнге дейін дененің ең аз зерттелген аймақтарының бірі саналады. Мамандардың айтуынша, мидың жұмысын жақсартуға және оның тиімділігін арттыруға көмектесетін көптеген тағам түрлері бар.


Балық. Балық - мидың жұмысын және есте сақтауды жақсартуға көмектесетін омега-3 май қышқылдарының тамаша көзі. Ең пайдалы балық түрлері: майшабақ, скумбрия, камбала, ақсерке, лосось және т.б. Омега-3 тек миға ғана емес, тұтастай алғанда денеге де пайдалы. Ол қан тамырларын нығайтады және тазартады, қан қысымын қалыпқа келтіреді, жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуына жол бермейді, метаболизмді жақсартады. Ал миымыз Омега-3 арқасында, әлдеқайда жақсы және тиімдірек жұмыс істейді.


Жұмыртқа. Жұмыртқаларда мидың маңызды қоректік элементі болып табылатын холин көп. Ол есте сақтау мен фокусты жақсартуға көмектеседі және Альцгеймер ауруының даму қаупін азайтады. Холинсіз жүйке тінінің жасушалары қалыпты жұмыс істей алмайды. Оның күнделікті қажеттілігін алу үшін күніне екі жұмыртқа жеу жеткілікті.


Жаңғақтар. Жаңғақтарда күшті антиоксидант болып саналатын және миды зақымданудан қорғауға көмектесетін Е дәрумені көп. Сонымен қатар, жаңғақтар ми жұмысын жақсартуға көмектесетін көптеген май қышқылдарынан тұрады. Олар ақуыздар мен пайдалы майлардың тамаша көздері. Әсіресе грек жаңғағы омега-3 май қышқылдарына, B1, B2, C, PP витаминдеріне, минералдарға, темірге, йодқа, магнийге, мырышқа және мысқа бай.


Қара шоколад. Қара шоколад мидағы қан айналымы жұмысын және есте сақтау мен зейінді жақсартуға көмектесетін көптеген флавоноидтарды қамтиды.


Жасыл шай. Жасыл шайда мидың жұмысын жақсартуға, есте сақтау мен зейінді жақсартуға әсер ететін антиоксиданттар мен катехиндер бар.


Астық өнімдері. Тұтас дәнді дақылдарда мидың жұмысын жақсартуға, есте сақтау мен фокусты қалпына келтіруге көмектесетін В дәрумендері көп. Сондай-ақ ми мен жүйке жүйесінің функцияларын қуаттандыру үшін Е дәрумені мен глюкоза да жетерлік. Бұл өнімдерге қоңыр күріш, арпа, бидай, сұлы жармасы, макарон өнімдері жатқызылады.


Жоғарыда аталған өнімдерді жиі пайдалану мидың жұмысын және тиімділігін арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, алкоголь мен жылдам көмірсулар сияқты мидың жұмысына теріс әсер ететін тағамдардан бас тарту керек.