Bugin
Петропавлда мас ер адамдар 3 жасөспірімді ұрып-соққан.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 7 мамырда сағат 00:58-де жергілікті сақшыларға Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында белгісіз адамдардың жанжал кезінде 16 жастағы 3 жасөспірімге дене жарақатын салғаны анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тіркелді. Бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат ұсталды.
Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.