Әлем

"500 мың адам": Қытайдағы су тасқыны туралы не белгілі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында жауған нөсердің салдарынан 500 мыңнан астам адам зардап шекті. Бұл туралы Қытайдың Орталық теледидары хабарлайды.

Өткен аптадан бері Қытайдың орталық пен шығыс аймақтарына жауған нөсер жаңбыр қатты су тасқынына әкеліп соқтырды, тек Цзянси провинциясында 536 мың адам зардап шекті және 16 мың тұрғын эвакуацияланды.

Хабарламаға сәйкес, Цзянси провинциясындағы (шығыс Қытай) су тасқыны салдарынан жүзден астам үй бүлінген, 2,3 мың га алқаптағы дақылдар жойылған. Тікелей экономикалық шығын 670 миллион юань (97 миллион доллар) деп бағаланады.

Нөсер жаңбыр елдің 21 өзеніндегі судың арнасынан шығып, тасуына себепші болды.

Мамандар 11-13 мамыр аралығында Қытайдың оңтүстік аймақтарына, соның ішінде Гуандун, Хайнань мен Гуанси-Чжуан автономиялық аймағына бір уақытта қатты жаңбыр жауады деп болжап отыр.

ҚХР Су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік штабы бейсенбі күні кешке су тасқынына байланысты шұғыл әрекет ету режимін енгізетінін жариялады.

Жергілікті билік су тасқыны болуы мүмкін аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау бойынша алдын алу шараларын қабылдауда.