Bugin
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов елге қайтарылған қаражат сомасын атады.
«Арнайы заңның қабылдануын күтпей-ақ, ортақ күш-жігермен елге 760 млрд теңге сома болатын активтерді қайтаруға мүмкіндік туды», - деді Берік Асылов Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында.
Бас прокурордың айтуынша, қайтару шараларын комиссияның барлық мүшелері мен тартылған мемлекеттік органдар атқарып жатыр.
Активтерді қайтару бойынша ведомствоаралық комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, 760 млрд теңге сомасы дүние-мүлік түрінде, актив түрінде және валюта түрінде қайтарылып жатыр. Бұл активтер Лихтенштейн, Аустрия, Біріккен Араб Әмірліктерінен келуде.