Спорт

Бүгін Ташкентте екі боксшымыз алтынға таласады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстаннан Санжар Тәшкенбай мен Дулат Бекбауов алтынға таласады.

Астана уақытымен сағат 18.00-де басталатын додада бірінші болып Санжар (48 кг) рингке шығады.

Оның қарсыласы - грузиялық Сахил Алахвердоби.

Әлемдік додада финалда үш қазақстандық боксшы өзбекстандықтармен бас жүлдені сарапқа салады. Соның біріншісі Дулат Бекбауов пен Асадхуджа Муйдинхуджиев арасында өтпек.

14 мамыр күні сағат 18.00-де басталатын финалда Махмұд Сабырхан (54 кг) Ойбек Джураевпен, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) Саиджамшид Джафаровпен жұдырықтасады. 80 келіге дейінгі салмақта аса қызықты жекпе-жек болғалы тұр. Нұрбек Оралбай Қытайдағы қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен қолғап түйістіреді.

Екі күнде барлығы 13 салмақта чемпиондар анықталады.