Спорт
Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай чемпион атанды.
С.Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта грузиялық Сахил Алахвердобимен алтын жүлдені сарапқа салды.
Бірінші раундта төрешілер түгелдей С.Тәшкенбай басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Қорытынды есеп – 5:0.
Осылайша ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
Еске сала кетейік, 2021 жылы Белградта осы салмақта қазақстандық Теміртас Жүсіпов үздік шыққан еді.