Спорт

Жәнібек Әлімханұлы Стивен Батлерді нокаутпен жеңді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) АҚШ-тың Калифорния штаты Стоктон қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты.

Ж.Әлімханұлы канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) титулдық жекпе-жек өткізді.

Он екі раундқа есептелген жекпе-жекте WBO нұсқасы бойынша орта салмақта қазақстандық боксшыға тиесілі чемпиондық белдік сарапқа салынды.

Жәнібек әуелі қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Содан кейін нокаут тіркелді.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста он төртінші жекпе-жегін өткізіп, өзінің чемпиондық белдігін екінші рет сәтті қорғап шықты.