Әлем

Кенияда діни рәсім жасап, өз-өздерін өлтіріп жатқандар саны 201-ге жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кенияда діни рәсім құрбандарының саны 201 адамға жетті. Мұнда олар орман ішінде Исамен кездесеміз деп аштан өлуге бекінген. 

Аймақ билігінің хабарлауынша, Шакахол орманынан халықаралық "Қайырлы хабар" шіркеуінің ізбасарларының тағы 22 мәйіті шығарылды. Бұл қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың жалпы санын 201-ге жетті.

Қазір Кенияның барлау агенттіктері орманның қалдықтары мен ықтимал тірі қалғандары үшін зерттеуді жалғастыруда. Сонымен бірге жүздеген адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.

Елде 15 сәуір күні “Ізгі хабар” ұйымының жетекшісі Пол Маккензи Нтенге ұсталған еді. Ол дәл осы халық санасын улады деген күдікпен айыпталуда. Яғни халыққа алдағы ақырзаманнан құтылу үшін “аштық жариялауды” ұсынған. Бірақ секта басшысы өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Сөзінше ол ұйымды 2019 жылы таратып жіберген. 

Полицияның хабарлауынша, Малинди қаласындағы аштан қырылған азаматтардың денесін алып кетуге алғашында мүмкіндік болмапты. Себебі жергілікті халық дінге қайшы деп жолатпаған. 

“Адамдар Иса пайғамбармен кездесемін деген үмітте аштан аш өліп кетуде. Күдікті Пол Макензи Нтенге олардың миын улап тастаған”, - делінген полиция жазбасында.