Спорт

Головкин бокстан ұлттық құраманың жеңісіне пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық белгілі боксшы Геннадий Головкин бокстан ұлттық құраманы Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады.

"Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша жетістігімен құттықтаймын!", - деп жазды Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол бапкерлер штабының еңбегі зор екенін атап өтті.

"Өте жақсы жұмыс істедіңіздер. Олимпиада ойындарына дайындық жүргізуде сәттілік тілеймін", - деп түйіндеді әлем чемпионы.

Еске сала кетейік, Қазақстан 2023 жылғы әлем чемпионатында 4 алтын және 1 күміс медаль алды. Санжар Ташкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54-ке дейін), Асланбек Шымбергенов (71-ге дейін) және Нұрбек Оралбай (80-ге дейін) әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов (67-ге дейін) күміс жүлдені иеленді.