Әлем

0,7% жетпеді: Түркиядағы сайлауда Ердоған 49,3% дауыс жинап қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияда президент сайлауында дауыс берген сайлаушылар жауаптарының 99,9%-і саналды.

TRT Haber телеарнасының мәліметінше, оппозиция басшысы Кемаль Кылычдароглу жинаған дауыс саны 45%-ке өскен.

Қазіргі президент Реджеп Тайып Ердоған 49,34%, Синан Оған - 5,22%, Мухаррем Инже – 0,43% дауыс жинады.

Егер президенттікке үміткерлердің бірі 50% дауыс жинаса, сайлау бірінші кезеңде аяқталады. Олай болмаған жағдайда жеңімпаз 28 мамырда екінші кезеңде белгілі болады.

Еске сала кетейік, кеше Түркияда президент және парламент сайлауы өтті.