Bugin
Оқу жылын 31 мамырға дейін ұзартудың білім сапасының жақсаруына әсері болды ма? Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Кариноваға орталық коммуникациялар қызметінде осы сұраққа жауап берді.
"Иә, оқу жылын 36 аптаға дейін ұзарту туралы шешім қабылданған болатын. Бірақ оның қорытындысы туралы айтуға әзірше ерте деп ойлаймын. Өйткені оқу жылы әлі жүріп жатыр. Біз білім сапасына қорытынды жасап, өлшейміз. Сондықтан нәтижесі туралы сәл кейінірек айтуға тура келеді. Жалпы мектептерде білім бағалау критерилер бойынша бағалау негізінде іске асырылады. Бұл – мұғалім бағасы. Ал тарау мен тоқсандық бағалауды да бақылап отырмыз. Электронды журналдардан көріп отырамыз, Сонымен бірге тәуелсіз бағалау бар. Бұл – оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингін жүргізетін Қазақстаннан тыс бағалау. 11 мамырда бұл процедураны аяқтадық. Білім ұйымдарының 25 пайызы осы мониторингке қатысты. Жазда оның нәтижесін жариялаймыз", - деді Шолпан Каринова.
Сондай-ақ, ол биыл "жазғы мектеп" жобасы жұмыс істемейтінін айтты.
"Жазғы мектептерді жүргізу коронавирус инфекциясымен байланысты шектеулерге байланысты қолға алынғанын білесіздер. Биыл 1 маусымнан бастап жазғы демалыс басталады. Мектептер мекптеп жанындағы алаңдар ашады. Мұнда негізінен бастауыш және орта буын сыныптарына арналады. Одан үлкен балалар да жазғы демалысты лагерьлерде де, мектеп жанындағы алаңдарда да өткізе алады", - деді вице-министр.