Bugin

"Жақындары әділдік сұрайды": Алматы облысында 9 жасар қызды көршісі зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Алматы облысында 9 жасар қыз бала зорланғаны жайлы айтты.

Белсенді жанүршігерлік жағдайды Facebook-тегі парақшасында жазды. Онда Көктөбе ауылының тұрғындары жасөспірімнің зорлық көргенін хабарлаған. 

“9 жастағы қыз баланың зорланғанын бірнеше тұрғын ескертті. Олар жасөспірімді қорлаған күдікті жазадан сытылып кете ме деп алаңдаулы”, - дейді Дина Таңсәрі. 

Көп ұзамай бұл жағдайға облыстық полиция департаменті пікір білдірген. Құзырлы орган күдікті ретінде 1979 жылғы азаматтың қамауға алынғанына тоқталады. 

“11 мамыр күні Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе-1 ауылының 57 жастағы тұрғыны көршісіне қатысты арыз-шағым түсірді. Онда немересін зорлады деп айыптаған. 1979 жылғы Т. есімді азамат қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру барысында барлық тарап дәлелі қаралатын болады. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, - деді облыстық полиция департаментінде.