Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматы облысы Қарасай ауданында қоларбада жатқан бала табылды.
Оқиға 15 мамырда болған. Далада қоларбада жатқан ата-анасыз баланы тұрғындар тауып алып, полицияға хабарласқан.
"Қарасай ауданының полиция бөліміне сағат 10:08 шамасында БАКАД Атом жолының 5 шақырмында сәбидің табылғаны туралы хабарлама түсті. Аталған жерге дереу полиция жасағы жіберіліп, көп ұзамай баланың анасы табылды", - дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Полиция өкілдерінің айтуынша, анасы баласын тастамаған.
"Баланың анасы телефон шалу үшін байланысы бар жер іздеп, жолдың арғы бетіне өтіп кеткен. Әйел адамның материалдық жағдайы жақсы, ақыл-есі дұрыс, толыққанды азамат", - дейді ведомстводағылар.
Іс жүзінде тәртіп сақшылары анасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 127-бабы 1-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бабымен хаттама жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61