Bugin

Екібастұзда ер адамды белгісіз біреу атып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екібастұзда 34 жастағы ер адамды белгісіз біреу атып кетті. Жарақат алған жігіт ауруханаға түсті.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 15 мамыр сағат 17:40 шамасында Екібастұз қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне М.Жүсіп көшесіндегі медициналық орталықтың жанында әйел адам көмек сұрап жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларынан жазбаларды алып, тексере бастаған.

"Белгісіз атыс қаруынан белгісіз адам Екібастұз қаласының 32 жастағы тұрғынына оқ атқаны анықталды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр".Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Күдіктілердің бірі ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Полицейлердің хабарлауынша, қазір екінші күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61