ДЕНСАУЛЫҚ

Таңғы асқа мүлде жемеу керек тағамдар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Таңғы асты ішу міндетті екенін көбісі білетін болар. Алайда көзге көрінген тағамды жей беруге болмайды. Осы орайда Bugin.kz тілшісі денсаулыққа пайдасы мен зияны бар тағам түрлерін ұсынады.

Дәмдеуіштер

Асқазан әлі асқа дайын емес кезде дәмдеуіштер қосылған тағам жеуге болмайды. Өйткені ағзаңыз тітіркеніп, жағымсыз күй кешуіңіз мүмкін. Мәзірдегі мұндай асты түскі тамаққа жегеніңіз дұрыс.

Таңғы уақытта тойымды тамақтанғыңыз келсе, сүт өнімдерін де қолдануға кеңес береміз. Әсіресе, ащы тағам жемес бұрын бірнеше жұтым сүт ішіңіз немесе бір-екі қасық йогурт жеңіз.

Есіңізде болсын: дәмдеуіштердің көбісі зиян, бірақ зире мен кориандр ас қорыту жүйесін тіріткендірмейді.

Жеміс-жидектер

Жемістердің көбінде қант мөлшері көп болады. Ғалымдардың зерттеуінше, кәдімгі қантқа қарағанда жемістердің құрамындағы қант қанға жай енеді.

Жемістерді ақуызы жоғары тағамдармен бірге жеген жөн. Олар баяу қорытылады, сонымен қатар аштыққа жауап беретін гормон грелиннің жұмыс істеуін тежейді. Жемістер жаңғақтармен, сүзбемен немесе йогуртымен тамаша үйлеседі.

Чипстер мен печеньелер

Бес крекерде 100 килокалорияға дейін болуы мүмкін. Алайда одан еш тоймайтыныңыз анық. Барлық фаст-фуд тағамдарының ерекшелігі: көмірсулар көп болғандықтан, қандағы қантты күрт арттырады. Содан кейін тез төмендейді. Осылайша қайтадан қарныңыз ашады.

Тіскебасар ретінде тауық немесе күркетауық етінен жасалатын бутерброд жеген дұрыс. 200-300 килокалория қарныңыздың ашуын басады.

Апельсин, жалбыз, кофе, кетчуп, суши

Бұл тағамдар асқазанда қышқылды көбейтеді. Сол себепті аш қарынға осы тағамдарды жесеңіз, қыжыл пайда болып, ішіңіз бүріп ауыруы мүмкін. Әсіресе, кофе мен кофеин гастритпен ауыратындарға жаман әсер етеді.

Көкөністер қышқыл тез бөлмейді, сонымен қатар оларда гастритке көмектесетін талшық массасы бар. Көкөністер, бұршақ немесе картоп пюресі – қарын ашқанда жеуге лайық үздік тағамдар.

Сонымен қатар Нью-Йорктегі Top balance Nutrition клиникасының дәрігерлері таңғы уақытта қарын ашқанда ролл мен суши жемеу керегін айтады. Өйткені ақ күріш пен соя соусының қосындысын аш қарынға жесе, денсаулыққа зиян екен. Оның орнына қияр қосылған салаттар жеген дұрыс.