Weekend

Димаш Ресейдің эстрада жұлдыздарымен бірге өнер көрсетеді

Алла Пугачеваға арналған кеш

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайберген 8 сәуірде Мәскеуде өтетін Алла Пугачеваға арналған шығармашылық кеште өнер көрсетеді. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады. 

"Алла Борисовна Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше", - деп жазған Димаш Құдайберген. 

Концерт Алла Пугачеваның 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып жатыр. "Подарок для Аллы" концерті 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Сити Холлда өтеді. Кеш жүргізушісі Максим Галкин, сонымен қатар бұл концертте Димаштан бөлек басқа да Ресейдің танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.