Әлем
Сириядағы зілзаладан кейін үш ай бойы үйіндінің астында жатып, тірі қалған ер адам табылды.
Сириядағы жер сілкінісінен үш айға жуық уақыттан кейін қатты жүдеген, бірақ тірі ер адамды құтқарушылар үйінді астынан алып шықты.
Желіде таралған суретте жағдайы мүшкіл адамды көруге болады. Оның қалай аман қалғаны белгісіз. Тек бақылау және оңалту үшін дәрігерлерге тапсырылғаны белгілі.
Еске сала кетсек, Сириядағы жер сілкінісінен 5,8 мың адам қаза тапса, Түркиядағы зілзаладан 50 мыңға жуық адам көз жұмған болатын. Осы алапат апаттан кейін көп адам үйіндінің астынан шығарылды. Оның арасында тірі қалғандар да болды.