Bugin

Қырғызстанда қылмыстық топтың мүшесі болған Қазақстан азаматы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған Қазақстан азаматы ұсталды. 

Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының ұйымдасқан қылмыстық тобының іздеуде жүрген мүшесі ұсталғанын мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасының азаматы 1990 жылы туған С.А.А ұсталды. Ұсталған азамат Алматы облысының аумағында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін құқық қорғау органдарының іздеуінде болған", - делінген хабарламада.

2022 жылдың қараша айында Қазақстан азаматы Қырғызстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткені хабарланды. Ол ИНС No21 мекемесіне орналастырылды.