Саясат
Қазақстан елордасының атауының өзгеруі және оның оның Нұр-Сұлтан аталуына не себеп?
Астана бүкіл қазақстандықтарды бір орталыққа біріктіретін, басқа мемлекеттер алдында бетке ұстар қаламыз. Тек осы қалаға бар күшін салып қуатты етіп гүлдендірген ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев болды. Ол қысқа мерзімде Кеңес дәуірі кезінде тың игеруден зардап шеккен жерімізді жас мемлекеттің символына айналдырды. Астанаға әсемдік беретін ерекше ғимараттар салдырдырды. Оларды айтпаса да түсінікті. 20 жыл бұрын Астанаға ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді.
Ел астанасын ауыстыру еліміздің дамуына жаңа серпін берді. Елордамыздың Еуразия материгінің ортасында тиімді орналасуы шекаралас елдермен экономикалық тұрғыдан Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір ретінде қолайлы болуы, басқа елдердің Қазақстанға инвестициялар әкеп құюына себеп болып отыр.
Айта берсек мұндай шаралар көп. Осының бәрі тұңғыш президентіміздің идеясымен іске асырылды. Бұл жағдайды жақсы жағын қарап, оның сіңірген еңбегін ескеру керек. Еліміздің атқарушы президенті Қасым-жомарт Тоқаевтың ұсынысымен келісуге болады. Бұл реформаны қаржыландыруға көп ақша кеткенімен, бірақ ақша ең оңай қалпына келетін ресурс.
Статистика бойынша тек қана 2016 жылы «ДАМУ» қорының көмегімен көтерілген кәсіпкерліктер 4 трлн теңгеге тауар айналымын жасаған. Ал сол кәсіпкерліктер салық ретінде елімізге 253 млрд теңге пайда әкелді. Сәйкесінше сол уақыт ішінде 26 мың жаңа жұмыс орны пайда болған. Бұл көрсеткіш өсе береді, себебі Қазақстаннның болашағы әлі алда. Республикамызды алға дамытатын шағын және орта бизнестер. Қазақстанның дамитынына мен сенемін.
Мен өзгерісті жақтамаймын да, қарсы да емеспін. Менің айтарым ең бастысы тыныштығымыз бұзылмасын. Бірлігіміз кетіп, арада алауыздық туындаса тарихта болған қателікті тағы қайталаймыз. Сөйтіп басқа мемлекеттерге оңай жемтік боламыз. Бұл менің жеке өзім талдаған ойымның нәтижесі.
Құрметті оқырман сізден өз ойыңызды қалдырып, бағалауыңызды сұраймын!