Bugin

Сомалиден келіп, асабалықпен айналысып жүрген шетел азаматы ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 25 жастағы Сомали азаматы Оралда ұсталды.  Ол тамада болып, күн көріп жүрген. 

Ішкі істер министрлігінің дерегіне сәйкес, сомалилік азамат Алматы қаласындағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығында оқиды екен. 

“Сомалиліктің айтуынша, ол елімізде 2019 жылдан бері тұрады. Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің студенті. Осы уақыт ішінде ол қазақ тілін жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген”, - делінген полиция ақпаратында. 

Сондай-ақ полицияда оның неліктен қамауға алынғанын түсіндірді. Белгілі болғандай шетел азаматының визасының уақыты бітіп кеткен. Соның негізінде оған көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Енді тамада депортациялануы мүмкін.