Bugin

Талдықорғанда оқушы қызды жабылып ұрған қыздардың біріне үкім шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Талдықорғанда үш қыз 15 жастағы қызды жабылып ұрып, қазнетті шулатқан болатын. Сот шешімімен төбелескен оқушы қыздардың бірі  девианттық мектепке ауыстырылды. 

"Мейрамгүл Нұржанқызы Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектептің 9-сыныбында оқиды. Ол 10 мамыр күні сот шешімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебіне ауыстырылды. Бұл тәртібі қиын балаларға арналған девианттық мектеп. Ол білім ордасы арнайы қоршалған. Білім алушылар полицейлер мен тәрбиешілердің бақылауында болады", - деді Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектеп директоры Ерік Саржігітов.

Талдықорғанда үш құрбы жабылып жалғыз қызды ұрған болатын. Ол әрекеттері желіге тарап, халықтың ашуын туғызған еді. Артынша бұл жайт бойынша арнайы комиссия құрылып, бұзақылық жасаған қыздарға қатысты шешім шығарылды.