Спорт

Айтжанов Париж Олимпиадасына боксшылардың қалай іріктелетінін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Qazaqstan арнасындағы эфир кезінде ұлттық құрама сапындағы боксшылардан Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиадаға кім баратынын айтты.

"Көрермендер Санжар Тәшкенбай, Сәкен Бибосынов және Махмұт Сабрхан туралы сұрауда. Салмақ ауыстыра ма, кім барады? Бұл қалай шешіледі?", - деген сұраққа асықпау керектігін айтты.

"Әзірге асығыс шешім жасамау керек. Әлі де уақыт бар. Дұрыс шешімге келеміз деген ойдамын. Бірінші кезекте салмақ түсіру, басқа салмаққа өтіп, онда сәтті айқасу оңай шаруа емес. Сондықтан бәрін ринг пен уақыт көрсетеді", - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері

Әлем чемпионатында Санжар мен Махмұт 48 және 54 келіде өнер көрсетеді, ал бұл дивизиондар Олимпиада бағдарламасында жоқ. Бағдарламада 51 келі бар, Қазақстан құрамасында бұл салмақта Бибосынов бірінші нөмір.