ДАМУ
Елімізде ҰБТ-ның негізгі кезеңі басталды. Осы орайды тест тапсыратын оқушылар рухани тұрғыда да дайындалған абзал. Bugin.kz порталы ҰБТ-ға кірер кезде және кіргеннен кейін қандай дұға оқу керек дұғаларды ұсынады.
Емтиханға кірер кезде:
«Рабби әдхилнии мүдхалә сидқин уә әхрижнии мухражә сидқин, уәжъал лии мил ләдункә султанән нәсиира»
Мағынасы: «Раббым! Менің кіретін жерімді оңды қыл және шығатын жерімді де оңды қыл! Әрі маған өз қасыңнан жәрдем күшін нәсіп ет!»
Ал емтиханға кіргеннен кейін, келіп-түскен сұрақтарға жауап бермес бұрын Мұса (ғ.с.) пайғамбардың мына дұғасын оқыса болады:
«Раббишрәх лии садри. Уә яссир лии әмри. Уәхлул ъуқдәтәм мил лисәни. Яфқаһуу қаули!»
Мағынасы: «Уа, Жаратушы Ием! Менің көңілімді (немесе зейінімді) аш. Маған ісімді жеңілдет. Тілімдегі шырмауды шеш. Менің айтқаным оларға түсінікті болсын!»
Сондай-ақ, он бір жылғы білімді саралайтын тест сынағына психологиялық тұрғыда да дайындалған жөн. Ол туралы біз психолог маманнан арнайы сұхбат алып жариялаймыз.
Дереккөз: ihsan.kz