Bugin

Жасарал Қуанышәлин дүниеден озды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда белгілі оппозиция жетекшісі, қоғам белсендісі Жасарал Қуанышәлин 75 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы Нұрсұлтан Тастаев Facebook-парақшасында жариялады.

16 мамырда Жасарал Қуанышәлин денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылды. Таныстарының айтуынша, ол инсульт алған.

Жасарал Мінажадинұлы Қуанышәлин - қазақ журналисі, оппозиционер, қоғам және мемлекет қайраткері. Ол 1949 жылы Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында дүниеге келген.

1966-1967 жылдары Ақтөбе қаласындағы №7 ПТУ-да «автокран машинисі» мамандығында оқыған.

1972-1978 жылдары Киров атындағы ҚазМУ-дың филология факультетін «орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы» мамандығымен тәммадады.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетін сырттай бітірген. Мамандығы - заңгер.

1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған.