Bugin
Орталық Азия – Қытай саммитіне барған Президентті ҚХР Төрағасы қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың ресми Телеграм-арнасы хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына барды.
Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды", - делінген хабарламада.
Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барғанын жазған едік.