Bugin
Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында жеңіске жеткен отандастарымыз жүлделі орын үшін берілетін сыйақыларын қайда жұмсайтындарын айтты.
Мәселен, бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов сыйақының 30%-ын жаттықтырушысына беретінін мәлімдеді.
"Келісім бойынша солай. Қалған бөлігін қажетіме жұмсайды. Ақша болған соң жаратылатын дүние табылады ғой", – деді Шымбергенов.
80 келіде әлем чемпионы атанған Нұрбек Оралбай бірінші кезекте ата-анасына көмектесетінін айтады.
"Ең бірінші ата-анамыз бақытты болса, еш нәрседен бас тартпаса деп тілейміз. Осы күнге дейін бізді өсірді, енді біз оларды қамтамасыз ету керекпіз. Боксқа келген соң бізге ешкім айлық бере салған жоқ. Өзіміз ақша төлеп бардық, жол-күремізді де ата-анамыз берді. Енді соны ақтау керек. Алған сыйақыны ата-анамызға беремін", – дейді ол.
Біз бұған дейін әлем чемпионатында жеңіске жеткендер қанша сыйақы алатыны жайлы жазған болатынбыз.