Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда "Алма Сити 2" тұрғын үй кешенінде подъезд есігі баланың үстіне құлаған.
"Алма Сити 2 пәтер иелері кооперативінің төрағасы Қанат Қайырбаевтың айтуынша, үй тұрғындары есікті ұқыпсыз пайдаланған.
"Осыған байланысты подъезд есігі сынған. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайға себеп болды. Есікті ұқыпсыз, қалай болса солай пайдаланған адамдардың кім екені анықталып жатыр",- дейді ПИК төрағасы.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың ауруханаға жеткізілгенін, жағдайы бірқалыпты екенін айтады.
"Бала жедел жәрдем көлігімен N2 балалар қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Оған медициналық аппаратпен тексеру жасалды, яғни баланың басына КТ жасалды. Ауруханаға жатқызатындай көрсетілім болған жоқ, ұсыныс бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді. Баланың ақыл-есіне зақым келмеген", - деп хабарлады ведомство.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61