ДАМУ

Салқын сусынды үй жағдайында дайындау жолдары

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаз жақындаған сайын дәмі тіл үйіретін салқын сусындарды жиі сатып алғымыз келіп тұрады. Кофесүйер қауым «Фраппучиноны» көбірек сұраса, шайқұмарлар Ice tea-ды қалайды. Енді бір топ манго-маракуйя, киви-алма секілді түрлі дәмдегі лимонадтарды ішкісі келеді. Бұл сусындардың нарықтағы бағасы 10000 теңгеден басталады. Қайта-қайта қаржыңызды құрта бермес үшін Bugin.kz тілшісі осы сусындардың рецептін ұсынады.

ФРАППУЧИНО

Құрамы:

Салқын эспрессо 80 мл;

Сүт – 130 мл;

Қоңыр қант 2 шай қасық;

Мұз – 5 штук;

Шоколадты сироп дәміне қарай;

Карамелді сироп дәміне қарай;

Көбікті кілегей – дәміне қарай;

Печенье дәміне қарай

Жасалу жолы:

Қант, кофе мен сүтті блендрде араластырыңыз.

Блендрге мұзды салып, майда болғанша араластырыңыз.

Сироптар мен печеньені қосыңыз.

Дайын болған сұйықтықты стақанға құйыңыз. Содан кейін бетіне кілегей құюды ұмытпаңыз.

Мінекей, сіздің «Фраппучиноңыз» дайын болды.

ICE TEA

Құрамы:

Шай;

Қайнаған су;

Қант дәміне қарай:

Лимон – 3 дана;

Апельсин – 3 дана;

Жалбыз дәміне қарай

Жасалу жолы:

Үлкен шайнекке шай жапырағын салып, қайнаған су құйыңыз.

Оны демдеп болған соң електен өткізіңіз.

Қант қосып, суытыңыз.

2 лимон мен 3 апельсиннің ішінен шырынды сығып, шайға қосыңыз. Тоңазытқышқа салып қойыңыз.

Қалған лимонды тілімдерге кесіңіз. Қызмет көрсетер алдында стаканға салыңыз. Дәміне қарай жалбыз, бірнеше лимон тілімдерін қосып, үстінен суық шай құйыңыз.

Өзіңіз дайындаған Ice tea-дың дәмі қалай екен?

ЛИМОНАД

Құрамы:

Сұйық бал – 420 г;

Су – 1 700 мл;

Құлпынай –  450 г;

Жаңа сығылған лимон шырыны – 350 мл;

Мұз текшелері – бір уыс.

Жасалу жолы:

Балға 500 мл су құйып, біркелкі болғанша шайқаңыз.

Құлпынай мен бал қоспасын блендрде шайқаңыз.

Лимон шырыны мен суды қосып, араластырыңыз.

Сусынды мұз салынған стакандарға құйыңыз.

Үйде дайындаған лимонадтың дәмі ерекше болары сөзсіз! Ас болсын!