ДАМУ

Аспаздық өнердің ең жас данышпаны

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күнделікті өміріміздегі маңызды істердің бірі - тамақтану. Дәмді тағам - әрбір жанның көңілін елжіретіп, жүрегіне дейін жететіні рас. Жақсы көңіл-күй мен күшіңіздің себепшісі де сол. Аспаздық өнердің мықтылығы соншалық, кейбір жандар әр елдің ең үздік тағамдарының дәмін көру үшін жер бетін кезіп кетеді. Өмірлік ісі ретінде аспаздықты таңдаған адамдар да үлкен шеберлікті бойына сіңіреді. Өйткені, асты тек ағзаға ғана емес, жан-дүниеге де жеткізе білу үлкен өнер. Ал аспаздықтың патшасы атану өте қиын. Бірақ қатал талаптар мен сыңдарға қарамастан, әлем бойынша ең үздік аспазшылардың арасында жастар да кездеседі. Ендеше, әлемдегі ең жас аспазбен таныс болайық.
 
Америкалық 24 жастағы Флинн МакГарри - әлемнің ең танымал аспаздарының бірі. Ол 14 жасынан-ақ көпшіліктің құрметіне ие бола алған маман иесі атанған. Жасының кішілігіне қарамастан, Флинн өзінен екі есе үлкен шебер аспаздармен өз елінің ең үздік жерлерінде жұмыс жасап үлгерген.  Флинн бір сұхбатында ол 10 жасында тамақ дайындаумен айналысып бастағанын айтып өткен. Оның бұл бағытты таңдауына түрткі болған тағамды жақсы әзірлейтін досының анасы екен. Біраз уақыттан кейін ол тамақтың құдіретін өзгеше түсіне бастап, ас үйден шықпауды әдетке айналдырады.

 Флинн Макгарри өз анасының тамақ әзірлеуден қабілеті төмен және жиі тағамның дәміне көңілі толмағандықтан, 10 жасында отбасына  ас әзірлей   бастады. Ол көрнекті америкалық Томас Келлер мен грант Ахетцт секілді ұлы аспаздардың кітаптарынан оқып, күн сайын  жаңа тағам түрін дайындау арқылы жаттыққан. Флинн өзінің міндетті түрде аспаз болғысы келетінін түсінген сәті -  біреудің ойлап тапқан тамағын емес,  өзінің  тағамдарын жасауды қалаған кезінен басталғанын айтады. Біраз уақыттан соң, отбасының қолдауымен 17 жастағы Флинн Макгарри Нью-Йоркте мейрамхана ашады. Бұл жердің негізін қалауды ол 12 жасынан бері көздеген. Флинн Лос-Анджелесте «Eureka» атты орынды 2016 жылдың қазан айында ашты. Мейрамхана ашылған сәттен бастап, үлкен танымалдылыққа ие болып,үлкен кезек жинаған болатын.

"Менің тамаққа деген қызығушылығым бастапқыда жоғары деңгейде болмады.Анамның аспаздық шеберлігі керемет болмағасын,оған жәй ғана ас үйде көмектесіп жүретінмін. Содан кейін анам маған Томас Келлердің «The French Laundry» атты бестселлерін сатып алған болатын. Кітапты оқығаннан кейін мен дәмді тағамның жай ғана  ләззат алу емес, өнер екенін де түсіндім. Мен өз өмірімді тамақ пісірмей елестете алмаймын",-дейді Флинн МакГарри австралиялық TEN телеарнасына берген сұхбатында.


 Флинн МакГарри егер  әр адам кез-келген арманына дұрыс назар аударып, оған барлық күш-жігерін салса, бұл арман міндетті түрде шындыққа айналатынына сенімді.Флиннің болашаққа қояр үлкен мақсаттарының бірі - жақсы әрі үлкен мейрамханалар желісін ашу.

Ақжан Берікқызы