Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЖетісу облысы, Алакөл ауданы, Достық станциясында ер адам жасөспірімді зорламақ болды. Бұл туралы Қазнетте видео тарады.
Бейнежазбада 23 жастағы ер адам досының 6-сынып оқитын қарындасын бірнеше мәрте зорламақ болғаны айтылады. Кадрда бірнеше адам ер адамды сұрақтың астына алып жатқанын көруге болады.
Анасы жасөспірімнен оқиға қалай болғанын сұрауда.
Дәретхананы кілттеп кіргем. Бір кезде есікті түртіп, ашпақ болды. Қорыққанымнан ашып қалдым. Сол кезде ағамның заттары туралы сұрай бастады. Бір кезде қолымды қысып, кереуетке жатқызды. Оның күштегенінен әлім кетіп, қасарыса алмадым. Тиісті. «Не істеп жатырсыз, ағама айтып беремін” деп қашып үлгердім. Ол «анаң мен ағаңа айтсаң, қылқындырып өлтіремін» деді, – дейді қыз.
Ер адам қыздың айтқаны шын екенін мойындап отыр. Кәмелет жасына толмаған қыз мұндай жағдай бұрын болғанын, бірақ бұл жайтты үй ішіне айтуға ұялғанын түсіндіруде. Бейнежазба жариялаған автордың айтуынша, қаскөй отбасылы екен.
Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты пікір білдірді.
Аталған факті бойынша ҚК 121-бабының 3-1-бөлігінде көзделген “Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Достық станциясының 23 жастағы тұрғыны күдікті ретінде танылды, – деді Жетісу облыстық ПД.
Қылмыстық істі тергеу облыстық департаменттің ерекше бақылауына алынды. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес факті бойынша толығырақ ақпарат беру мүмкін емес.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61