Bugin

Димаш Құдайберген Тоқаевпен ұшақта сапарлас болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен ұшақтағы үстел басында отырған фотосы мен видеосын жариялады. 

«Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Еске салайық, ҚР Президенті Қ.Тоқаев 17-19 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен барды.

Одан кейін Орталық Азия елдері басшылары және Си Цзиньпиннің алдында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.