Bugin
Елімізде оқу орындарында ақша жинау әлі де бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты.
Жеке парақшама күнде хабарлама келеді. «Сіз ақша жинамау керек деп айтып жатырсыз, бірақ кейбір белсенді ата-аналар мен мұғалімдер, сынып жетекшілері директормен бірге бұл мәселеге пысқырып қарамайды» деген шағым түседі. Тіпті дыбыстық хабарлама да жібереді. Оны тыңдап отырып, кәдімгідей қатты ұяламын. Хабарламада «Иә, министрліктен ақша жинамасын деген бұйрық бар, бірақ ол бұйрыққа қарамаңдар, біз бәрібір жинаймыз. 5-10 мың теңгені аяйсыңдар ма?» деп оқушыларына дүрсе қоя берген мұғалімнің жазылып қалған сөзі келді. Сонда біз қайда бара жатырмыз?! Неге бізде берілген бұйрықты орындауға қауқар жетпейді?! Сонда біз қандай қоғамды құрып жатырмыз?, – деді ол.